«Шиелі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын қалыптастыру туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №35/5 шешімінің қосымшасына өзгерістер енгізу туралы

«Шиелі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын қалыптастыру туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №35/5 шешімінің қосымшасына өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және   өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  1995 жылғы 28  қыркүйектегі Конституциялық заңының 10   бабының 3 тармағына сәйкес  аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Шиелі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын қалыптастыру туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №35/5 шешімінің қосымшасына төмендегіше өзгерістер енгізілсін:

Қызылорда облыстық «Береке жастары» қоғамдық бірлестігінің Шиелі аудандық филиалы  ұсынған Тоқбаева Әлия Ғабиденқызы №4, «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы ұсынған Айдаров Мұрат Ақылбекұлы №7, Мусиов Дастан Серікбайұлы №15 округтік сайлау комиссиясының мүшесі болып сайлансын.

  1. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

           Аудандық мәслихат

                     төрағасы                                                        М.Турабаев

Дата публикации
30 декабря 2024