«Шиелі ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 12-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Шиелі ауданының әлеуметтік - экономикалық өркендеуіне, ел мәдениеті мен әдебиетінің дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға және ауданға сіңірген айрықша еңбегі үшін төменде көрсетілген азаматтарға «Шиелі ауданының Құрметті азаматы» атағын беру турлы Шиелі ауданы әкімінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №01/1-2/1815 ұсынысы бойынша:
- Бекішев Қаблеш Сейітбекұлына;
- Бейсембаев Ғани Бектайұлына;
- Мүбараков Қамбарбек Амангелдіұлына;
- Қыдырбай Бейсен Қасиетұлына;
- Жағыпбаров Тұрмағанбет Әлиасқарұлына;
- Сейітов Әлияр Мұхамедиярұлына;
- Мықанов Қалықберді Жұмабайұлына
«Шиелі ауданының Құрметті азаматы» атағы берілсін.
- Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
төрағасы М.Турабаев