Ортақшыл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы

Ортақшыл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы

 

«Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабының
2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7 тармағына сәйкес Шиелі аудандық
мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ортақшыл ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті
    1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

          1) кірістер – 56 236 мың теңге, оның ішінде:

          салықтық түсімдер – 2 685 мың теңге;

          трансферттер түсімдері – 53 551 мың теңге;

          2) шығындар – 56 236 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

         бюджеттік кредиттер – 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

         қаржы активтерін сатып алу – 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

          5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

          6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 0;

қарыздар түсімі – 0;

қарыздарды өтеу – 0;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0.

  1. 2025 жылға аудандық бюджеттен Ортақшыл ауылдық округі бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 53 404 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

        Аудандық мәслихат төрағасы                                        М.Турабаев

Дата публикации
30 декабря 2024