Талаптан ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы

Талаптан  ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы

 

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Талаптан ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 99 492 мың теңге, оның ішінде:

  салықтық түсімдер – 6 194 мың теңге;

  трансферттер түсімі – 93 298 мың теңге;

  2) шығындар – 99 492 мың теңге;

  3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

  бюджеттік кредиттер – 0;

  бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

  4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

  қаржы активтерін сатып алу – 0;

  мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

  5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

  6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 0;

  қарыздар түсімі – 0;

  қарыздарды өтеу – 0;

  бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 0.

  1. 2025 жылға аудандық бюджеттен Талаптан ауылдық округі бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 93 021 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

      Аудандық мәслихат төрағасы                                          М.Турабаев

Дата публикации
30 декабря 2024