Еңбекші ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы

Еңбекші ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы

 

«Қазақстан  Республикасының  Бюджет  кодексі» Қазақстан  Республикасы Кодексінің 75-бабының 2-тармағына,  «Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 6-бабының 2-7 тармағына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Еңбекші ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 77 168 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 3 385 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 73 783 мың теңге;

2) шығындар – 77 168 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0;

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 0;

қарыздар түсімі – 0;

қарыздарды өтеу – 0;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 0.

  1. 2025 жылға аудандық бюджеттен Еңбекші ауылдық округі бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 73 676 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

          Аудандық мәслихат төрағасы                                        М.Турабаев

Дата публикации
30 декабря 2024