Шиелі кентінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы

          Шиелі кентінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы

 

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-7 тармағына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шиелі кентінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

          1) кірістер – 808 467 мың теңге, оның ішінде:

          салықтық түсімдер – 188 174 мың теңге;

          салықтық емес түсімдер – 262  мың теңге;

          трансферттер түсімдері – 620 031 мың теңге;

          2) шығындар – 808 467 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0;

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 0;

          қарыздар түсімі – 0;

          қарыздарды өтеу – 0;

          бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 0.

  1. 2025 жылға аудандық бюджеттен Шиелі кентінің бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 619 563 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

     Аудандық мәслихат төрағасы                                        М.Турабаев

Дата публикации
30 декабря 2024