Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту. Салауатты өмір салты жайлы
Шиелі ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Сапарбай Нариман Құлақметұлының «Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту. Салауатты өмір салты жайлы» хабарламасынан байқағанымыздай, аудан көлемінде біршама жұмыстар атқарылған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағын басшылыққа ала отырып Шиелі ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Сапарбай Нариман Құлақметұлының хабарламасын тыңдап, жан-жақты талқылап Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
елді мекендерде футбол, волейбол, баскетбол, гандбол және басқа да спорт түрлерінен турнирлер ұйымдастырып, салауатты өмір салтын насихаттап тұрғындарды тарту;
жеңіл атлетиканы қолға алу тапсырылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы М.Турабаев