«2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 10/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 13 786 381,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 4 746 418 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 93 958 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 94 701 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 8 851 304,4 мың теңге;
2) шығындар – 16 559 362,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 387 128 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 618 410 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 231 282 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 160 109,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 3 160 109,2 мың теңге;
қарыздар түсімі – 2 868 989 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 231 282 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 522 402,2 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы М.Турабаев