«Қарғалы ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/16 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қарғалы ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 68 738 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 3 998 мың теңге;
трансферттер түсімі – 64 740 мың теңге;
2) шығындар – 71 889,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3151,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 3151,3 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу – 0;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 3151,3 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Аудандық мәслихат төрағасы М.Турабаев