Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы

Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы

жөніндегі ведомствоаралық комиссия

құрамын бекіту туралы

  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару   және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса берілген «Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы» бекітілсін.
  2. Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 23 қарашадағы «Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» №16/3 шешімі жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

     Аудандық мәслихат

             төрағасы                                                           М. Турабаев

Дата публикации
01 ноября 2024