«2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №10/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 13 504 550,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 4 746 418 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 93 958 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 94 701 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 8 569 473,9 мың теңге;
2) шығындар – 15 537 212,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 387 128 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 618 410 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 231 282 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2 419 789,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 419 789,2 мың теңге;
қарыздар түсімі – 2 128 669 мың теңге;
қарыздарды өтеу –231 282 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 522 402,2 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы М.Турабаев