Аудан аумағындағы мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуы және орындалуы жайлы

Аудан аумағындағы мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуы және орындалуы жайлы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және   өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңын басшылыққа ала отырып,  «Аудан аумағындағы мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуы және орындалуы жайлы» аудан әкімінің орынбасары Сағындықов Бағлан Жанғалиұлының хабарламасын тыңдап, жан-жақты талқылап, Шиелі аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Аудан аумағындағы мекемелерде, ұйымдард,а кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуы және орындалуы жайлы» аудан әкімінің орынбасары Сағындықов Бағлан Жанғалиұлының хабарламасы қаперге алынсын.
  2. Шиелі ауданы әкімінің орынбасарына:

 «Шиелі-Тас» ЖШС мекемесіндегі жұмысшылардың жатын орындарын санитарлық-гигиеналық талапқа сәйкестендіру және оларды арнаулы киімдермен қамтамасыз ету, Шиелі кенті  Есабыз көшесі №2 орналасқан заводын кенттен тысқары жерге көшіру;  «Казшиннур» ЖШС мекемесіне жұмысшыларды жергілікті жерден  тарту; «Ляньцзи Инвест Сервис Казахстан» ЖШС, «Уранэнерго» ЖШС,   «КНК Кемикал» ЖШС мекемелерінде жұмысшылардың еңбек ақысын көтеру жөнінде ұсыныстар беру.  

 Шиелі ауданы аумағындағы мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда жұмысшылардың   құқықтарын  қорғауды  күшейту, жұмыс барысында туындайтын түрлі мәселелерді бірлесіп шешу   жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу тапсырылсын.

  1. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    

          Аудандық мәслихат

                        төрағасы                                                      А.Жандарбеков

Дата публикации
23 августа 2024