«Шиелі ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау қорытындылары жайлы» аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №12/3 шешімінің қосымшасына өзгеріс енгізу туралы

«Шиелі ауданындағы  учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау қорытындылары  жайлы»   аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №12/3 шешімінің қосымшасына өзгеріс енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес Шиелі аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Шиелі ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау қорытындылары  жайлы»   аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №12/3 шешімінің қосымшасына төмендегіше өзгеріс енгізілсін:

  «Қазақстан жастары» қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған Рахымшаева Салтанат Шыңғысханқызы №271, Нуралиева Айдана Сембаевна №272, Дүйсенбаева Гүлназ Еркінқызы №268, Әлтаева Алтынкүл Райханқызы №303;

«Береке жастар» қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған Әділханқызы Сәуле №288, Кенжебеков Мұратбек Молдахметұлы №303;

 «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы атынан ұсынылған Кенбаева Айгерим Манарбековна 287, Қыпшақпаев Әуелбек Қожабекұлы №296;

«Қызылорда облыстық «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің Шиелі аудандық филиалы  атынан ұсынылған Сентаев Мұрат Тұрсынбекұлы №271, Сарыбаев Нұрсұлтан Нысанбекұлы №299, Баймағанбетов Болат Турматович №294, Айтуаров Рамазан Ерікұлы №298;

«Ауғанстан соғыс ардагерлері мен патриот жастар» қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған Жармаханова Гульсим Махметовна №267, Мақұлбеков Шохан Шыңғысханұлы №298  учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып сайлансын.

  1. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

                               

         Аудандық мәслихат

                төрағасы                                                              А.Жандарбеков

Дата публикации
19 августа 2024