«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 55/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
2 және 3-тармақтар алынып тасталсын;
17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«17. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары мынадай болып айқындалсын:
1) жаппай жерлеу орындарына іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарға, ұлттық электр желісіне, магистральдық байланыс желілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр.».
|
Шиелі аудандық мәслихат төрағасы |
|
А. Жандарбеков |