«2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №10/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №10/2  шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шиелі аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №10/2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

           1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

           «1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

           1) кірістер – 13 626 092 мың теңге, оның ішінде:

           салықтық түсімдер – 4 671 078 мың теңге;

           салықтық емес түсімдер – 134 445 мың теңге;

           негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 129 554 мың теңге;

           трансферттер түсімдері – 8 691 015  мың теңге;

           2) шығындар – 15 658 753,2  мың теңге;

           3) таза бюджеттік кредиттеу – 387 128 мың теңге;

           бюджеттік кредиттер – 618 410 мың теңге;

           бюджеттік кредиттерді өтеу – 231 282 мың теңге;

           4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

            қаржы активтерін сатып алу – 0;

            мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

           5) бюджет тапшылығы (профициті) –  -2 419 789,2 мың теңге;

           6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –     2 419 789,2 мың теңге;

қарыздар түсімі – 2 128 669 мың теңге;

           қарыздарды өтеу – 231 282 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 522 402,2 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

                   Аудандық мәслихат

                             төрағасы                                               А.Жандарбеков

Дата публикации
05 августа 2024