Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бәйтерек ауылдық округіне қарасты «Ақтам» елді мекенін Бидайкөл ауылының құрамына енгізу туралы

                                                       БІРЛЕСКЕН

                                           ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бәйтерек ауылдық округіне қарасты «Ақтам» елді мекенін Бидайкөл ауылының құрамына   енгізу туралы

 

          «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шиелі аудандық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бәйтерек ауылдық округіне қарасты «Ақтам» елді мекенінің халық саны 50 адамнан кем болуына байланысты Бәйтерек ауылдық округі, Бидайкөл ауылының құрамына енгізуге Қызылорда облыстық мәслихатының қарауына ұсынылсын.
  2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Шиелі ауданы әкімінің тиісті сала орынбасарына жүктелсін.
  3. Қаулы мен шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

           Шиелі ауданының                                           Шиелі аудандық

                       әкімі                                                       мәслихат төрағасы

 

                     Н. Ахатов                                                    А. Жандарбеков

Дата публикации
28 июня 2024