Шиелі кенті әкімінің есебі жайлы
Кент әкімі А.Өмірәлінің Шиелі кентінде атқарылған жұмыстары жайлы есебінен байқағанымыздай, Шиелі кентінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары мен тапсырмаларын орындауда біршама жұмыстар атқарылған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағын басшылыққа ала отырып, «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы Жарлығына сәйкес кент әкімі А.Өмірәлінің баяндамасын тыңдап, жан-жақты талқылап Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шиелі кентіндегі жеке тұрғын үйлердің және кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбетін сырлау, әрлеу жүргізу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
Шиелі кентінің тазалық жұмыстарын бақылауда ұстау және жеке тұрғындарды, кәсіпкерлік нысан иелерін тазалық жөніндегі мердігер мекемемен келісім шартқа отырғызу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
«Сасқұм» полигон айналасын ретке келтіру;
Шиелі кенті тұрғындарын аяқ сумен қамтамасыз етіп отырған «Базар» және «Байсары» арықтарының соңына дейін латок орнату, аяқ суға қаржы бөлу;
Шахмардан Есенов көшесін жөндеу жұмыстарын қолға алу, Жайлыбаев көшесіндегі жарық бағаналарын ауыстыру;
Шиелі кентіндегі жаңадан күрделі жөндеуден өткен көшелерді үнемі күтіп ұстау, орталық көшелерге күнделікті су себу жұмыстарын жүргізу;
Шиелі кентінде орналасқан балалар ойын алаңын және футбол алаңдарын күтіп ұстау, түнгі жарық шамдарынының жанып тұруын бақылауда ұстау;
Шиелі кентінде үй жануарларын бей-берекет жүргізбеу жұмыстарын ұйымдастыру;
Қыркүйек айында көктемде егілген көшеттердің көктегені жөніндегі санын және пайызын шығарып депутаттарға есебін беру;
Биылғы бюджеттен қаржыландырылып отырған жұмыстарды сапалы және уақытылы аяқтау жұмыстары жөнінде қараша айында депутаттарға есебін беру;
Шиелі кентінің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым бағыттар бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыру ұсынылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы А.Жандарбеков