2023 жылға арналған Шиелі кенті бюджетінің атқарылуы жөніндегі есеп туралы

  2023 жылға арналған Шиелі кенті бюджетінің атқарылуы жөніндегі есеп туралы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексiнің 132 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2023 жылға арналған Шиелі кенті бюджетінің атқарылуы жөніндегі есеп мыналар бойынша 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін:

          1) кірістер – 2 726 433,4 мың теңге, оның ішінде:

          салықтық түсімдер –238 924,0 мың теңге;

          салықтық емес түсімдер – 240,0 мың теңге;

          трансферттер түсімдері – 2 487 269,4 мың теңге;

          2) шығындар – 2 754 624,3  мың теңге;

          3) таза бюджеттік кредит беру – 0;

          4) қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо – 0;

          5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 28 190,9 мың теңге;

          6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  –
28 190,9 мың теңге;

          қарыздар түсімі – 0;

          қарыздарды өтеу – 0;

          бюджет қаражатының қолданылатын қалдықтары – 28 190,9 мың теңге;

          қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдығы – 4 564,1 мың теңге;

          есепті кезең соныңдағы бюджет қаражаттарының қалдығы – 28 190,9 мың теңге.

  1. 2023 жылға арналған Шиелі кенті бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепке түсіндірме жазба 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. 2023 жылға арналған Шиелі кенті бюджетінің атқарылуы жөніндегі талдамалық есеп 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. 2023 жылдың бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің дебиторлық және кредиторлық берешектері туралы мәлімет 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

 

Аудандық мәслихат

         төрағасы :                                                 А.Жандарбеков

Дата публикации
21 мая 2024