Аудан аумағындағы бейіттерге және карьерлерге (құм, топырақ)
орын бөлу жайлы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңын басшылыққа ала отырып, «Аудан аумағындағы бейіттерге және карьерлерге (құм,топырақ) орын бөлу жайлы» аудан әкімінің орынбасары Ысмағұлов Болатбек Әбдулхайысұлының хабарламасын тыңдап, жан-жақты талқылап, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудан әкімінің орынбасарына:
Шиелі ауданы бойынша кент және елді мекендердегі орналасқан бейіттердің жәй-күйін анықтап, жер телімдерін заң шеңберінде рәсімдеу;
Шиелі кентіндегі мұсылман және басқа ұлттардың бейіттерінде орын болмауына байланысты басқа жерлерден орын бөлу және құжаттарын заңдастыру;
Шиелі кентіне және елді мекендерге жақын жерлерден карьерлерге (құм, топырақ алуға) орын бөлу және құжаттарын заңдастыру жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу тапсырылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы А.Жандарбеков