Мал дәрігерлік көмек көрсету мен мал тұқымын асылдандыру
барысы туралы ветеринарлық есебі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңын басшылыққа ала отырып, «Мал дәрігерлік көмек көрсету мен мал тұқымын асылдандыру барысы туралы ветеринарлық есебі» жайлы аудан әкімінің орынбасары Ысмағұлов Болатбек Әбдулхайысұлының хабарламасын тыңдап, жан-жақты талқылап, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудан әкімінің орынбасарына:
Ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті жұқпалы ауруларына қарсы вакцинациялау жұмыстарын уақтылы жүргізу;
вакцинациялау жұмыстарын жүргізу кезінде алдын-ала тұрғындарға бұқаралық ақпарат құралдары немесе Facebook әлеуметік желілері арқылы хабарландыру беру;
аудандық ветеринариялық станциясының анықтамасын нақты сандармен қайта даярлау;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқор жүйесіне толық енгізу;
аудан көлемінде жануарларға арналған панажайларды салу мен күтіп-ұстауды ұйымдастыру және қаржыландыру;
арнайы мал қорымдарын салу;
Конго Қырым қанды гемморагиялық қызбасының қолайсыз ошағы болып тіркелген елді мекендерде залалсыздандыру жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізуді ұйымдастыру тапсырылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы А.Жандарбеков