Ана мен бала денсаулығын қорғау шараларының ауданда орындалу барысы жайлы

Ана мен бала денсаулығын қорғау шараларының ауданда орындалу барысы жайлы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және   өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңын басшылыққа ала отырып,  «Ана мен бала денсаулығын қорғау шараларының ауданда орындалу барысы жайлы»                          Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасының бас дәрігері Әбілпатта Алмас Әбдіғаппарұлының хабарламасын тыңдап, жан-жақты талқылап, Шиелі аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Ана мен бала денсаулығын қорғау шараларының ауданда орындалу барысы жайлы» Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасының бас дәрігері Әбілпатта Алмас Әбдіғаппарұлының хабарламасы қаперге алынсын.
  2. Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасының бас дәрігеріне:

 Шиелі ауданына геронтолог дәрігер маманы штатын ашуға жұмыс жасау;

маман тапшылығын азайту мақсатында қажетті дәрігерлерді қайта даярлап, оларды жаңа емдеу әдістері мен инновациялық технологияларды игеруге үздіксіз оқыту жүйесін қамтамасыз ету;

елді мекендердегі медицина ғимараттары мен  автокөліктерді жаңалауға жұмыс жасау;

Жиделіарық елді мекеніндегі фельшерлік амбулаториялық пунктке қосымша құрылыс қосуға  және Тұрсынбай датқа елді мекеніне жедел жәрдем автокөлігін алуға жұмыс жасау;

жүкті әйелдердің перенатальды скринингпен қамтылуын, соның ішінде туа бітті ақаулармен туылған нәрестелерге жүйелі анализ жасап отыру. Перенатальды скринингті меңгерген УДЗ мамандарын дайындау;

 көрсетілетін медициналық көмек сапасын жетілдіре отырып, аудандағы ана мен бала денсаулығын нығайту және сақтау жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу тапсырылсын.

  1. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    

                    Аудандық мәслихат

                           төрағасы                                             А.Жандарбеков

Дата публикации
16 апреля 2024