«Шиелі ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау қорытындылары жайлы» аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №12/3 шешімінің
қосымшасына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының
7-1) тармақшасына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы атынан ұсынылған Бодбай Жансая Шакизатқызы №279, Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Шиелі аудандық филиалы атынан ұсынылған Ибраева Сафура Болатовна №277, «Береке жастар» қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған Сейдахметова Айсулу Сыздыковна №268 және Күлекеев Қуаныш Әбдікәрімұлы №276 учаскелік сайлау комиссияларының мүшесі болып сайлансын.
Аудандық мәслихат
төрағасы А.Жандарбеков