«Шиелі кентінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

              «Шиелі кентінің 2024-2026 жылдарға арналған

     бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы

        26 желтоқсандағы № 11/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Шиелі кентінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №11/2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

         1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Шиелі кентінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және  3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 2 068 233  мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 215 150 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 250 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 1 852 833 мың теңге;

2) шығындар – 2 072 797,1  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0;

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

  • бюджет тапшылығы (профициті) – -4 564,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 4 564,1 мың теңге;

          қарыздар түсімі – 0;

          қарыздарды өтеу – 0;

          бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 4 564,1 мың теңге.»;

         көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.   

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

         Аудандық мәслихат

                   төрағасы                                           А.Жандарбеков

 

Дата публикации
15 марта 2024