«Шиелі ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының құрамын
сайлау қорытындылары жайлы» аудандық мәслихаттың 2023 жылғы
28 желтоқсандағы № 12/3 шешімінің қосымшасына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының
7-1) тармақшасына сәйкес Шиелі аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қызылорда облыстық «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің Шиелі аудандық филиалы атынан ұсынылған Қасымханұлы Нұрсұлтан №297 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып сайлансын.
Аудандық мәслихат
төрағасы А.Жандарбеков