«Тартоғай ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

         «Тартоғай ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған

       бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы

       26 желтоқсандағы № 11/22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Тартоғай ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық маслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/22 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

         1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Тартоғай ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:  

1) кірістер – 101 584 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 5 192 мың теңге;

         трансферттер түсімдері – 96 392 мың теңге;

         2) шығындар – 102 230,4 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

         бюджеттік кредиттер – 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

         4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0;

         қаржы активтерін сатып алу – 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті)  – -646,4 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 646,4 мың теңге ;

         қарыздар түсімі – 0;

         қарыздарды өтеу – 0;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 646,4 мың теңге.»;

         көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

         Аудандық мәслихат төрағасы                                  А.Жандарбеков

 

Дата публикации
15 марта 2024