«Талаптан ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/21 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

          Талаптан ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған

       бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы

        26 желтоқсандағы № 11/21 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Талаптан ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/21 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

  1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Талаптан ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:  

1) кірістер – 124 832 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 7 275 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 117 557 мың теңге;

2) шығындар – 125 389,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -557,2 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 557,2 мың теңге;

қарыздар түсімі – 0;

қарыздарды өтеу – 0;

бюджет қаражаттарын пайдаланатын қалдықтары – 557,2 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                        А.Жандарбеков     

                           

Дата публикации
15 марта 2024