«Сұлутөбе ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/20 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

        «Сұлутөбе ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған

      бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы

      26 желтоқсандағы  № 11/20 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Сұлутөбе ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/20 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

         1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Сұлутөбе ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті                    1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:  

1) кірістер – 167 969 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 4 579 мың теңге;

         трансферттер түсімдері – 163 390 мың теңге;

          2) шығындар – 168 674,2 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

         бюджеттік кредиттер – 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

         4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0;

         қаржы активтерін сатып алу – 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 705,2 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 705,2 мың теңге;

         қарыздар түсімі – 0;

         қарыздарды өтеу – 0;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 705,2 мың теңге.»;

         көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

         Аудандық мәслихат төрағасы                                       А.Жандарбеков

 

Дата публикации
15 марта 2024