«Ортақшыл ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған
бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы
26 желтоқсандағы № 11/19 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Ортақшыл ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 102 133 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 924 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 99 209 мың теңге;
2) шығындар – 102 669,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -536,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 536,8 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу – 0;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 536,8 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Аудандық мәслихат төрағасы А.Жандарбеков