«Қоғалы ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

          «Қоғалы ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған

      бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы

       26 желтоқсандағы № 11/17  шешіміне өзгерістер енгізу туралы

                         

               Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Қоғалы ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы  № 11/17 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

           1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

         «1. Қоғалы  ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 84 519  мың теңге, оның ішінде:

          салықтық түсімдер – 1 305 мың теңге;

          трансферттер түсімі – 83 214 мың теңге;

          2) шығындар – 84 745,3 мың теңге;

          3) таза бюджеттік кредиттеу –  0;

          бюджеттік кредиттер – 0;

          бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

          4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0;

          қаржы активтерін сатып алу – 0;

          мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

          5) бюджет тапшылығы (профициті) – -226,3 мың теңге;

          6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 226,3 мың тенге;

          қарыздар түсімі – 0;

          қарыздарды өтеу – 0;

          бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 226,3 мың тенге.»;

          көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

          Аудандық мәслихат төрағасы                                        А.Жандарбеков 

Дата публикации
15 марта 2024