«Шиелі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын қалыптастыру туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №35/5 шешімінің қосымшасына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қызылорда облыстық «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің Шиелі аудандық филиалы ұсынған Сахибекова Жанбиби Калиуллаевна №4, Әлішер Айжан Қабылбекқызы №10, Бегайдарұлы Сейімхан №14, «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалы ұсынған Қожабекова Жадыра Мырзабекқызы №5, Парманқұлова Айгүл Қапанқызы №6, Тоқмырза Еркін Бегайдарұлы №15, «Береке жастар» қоғамдық бірлестігі ұсынған Арғынбаев Ғалым Абдрахманұлы №10 округтік сайлау комиссиясының мүшесі болып сайлансын.
Аудандық мәслихат
төрағасы А.Жандарбеков