«2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 10/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 10/2   шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шиелі аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №10/2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

           1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

           «1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

           1) кірістер – 14 009 238,9 мың теңге, оның ішінде:

           салықтық түсімдер – 3 921 717 мың теңге;

           салықтық емес түсімдер – 16 053 мың теңге;

           негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 23 300 мың теңге;

           трансферттер түсімдері – 10 048 168,9  мың теңге;

           2) шығындар – 14 531 641,1  мың теңге;

           3) таза бюджеттік кредиттеу – 387 128 мың теңге;

           бюджеттік кредиттер – 618 410 мың теңге;

           бюджеттік кредиттерді өтеу – 231 282 мың теңге;

           4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

            қаржы активтерін сатып алу - 0;

            мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

           5) бюджет тапшылығы (профициті) –  - 909 530,2 мың теңге;

           6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -  909 530,2 мың теңге;

қарыздар түсімі – 618 410 мың теңге;

           қарыздарды өтеу –231 282 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 522 402,2 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

 

                   Аудандық мәслихат

                             төрағасы                                               А.Жандарбеков

Дата публикации
26 февраля 2024