Тартоғай ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы

Тартоғай ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған

бюджеті туралы

 

 «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7 тармағына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Тартоғай ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті  1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 70 360 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 4 292 мың теңге;

         трансферттер түсімдері – 66 068 мың теңге;

         2) шығындар – 70 360 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу -  0;

         бюджеттік кредиттер - 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

         4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 0;

         қарыздар түсімі - 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 0.

  1. 2024 жылға аудандық бюджеттен Тартоғай ауылдық округ бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 65 890 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

         

             Шиелі аудандық

          мәслихат төрағасы                                          А.Жандарбеков

Дата публикации
29 декабря 2023