Талаптан ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы

Талаптан  ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған

бюджеті туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7 тармағына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ Қ  АБЫЛДАДЫ:

  1. Талаптан ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 85 657 мың теңге, оның ішінде:

  салықтық түсімдер – 6 165 мың теңге;

  трансферттер түсімдері – 79 492 мың теңге;

  2) шығындар – 85 657 мың теңге;

  3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

  бюджеттік кредиттер - 0;

  бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

  4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;

  қаржы активтерін сатып алу - 0;

  мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

  5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;

  6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 0;

  қарыздар түсімі - 0;

  қарыздарды өтеу - 0;

  бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 0.

  1. 2024 жылға аудандық бюджеттен Талаптан ауылдық округ бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 79 257 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

                 Шиелі аудандық

               мәслихат төрағасы                                    А.Жандарбеков

Дата публикации
29 декабря 2023