Ортақшыл ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы

Ортақшыл ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған  

бюджеті туралы

 

«Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7 тармағына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ортақшыл ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

          1) кірістер – 53 112 мың теңге, оның ішінде:

          салықтық түсімдер – 2 674 мың теңге;

          трансферттер түсімдері – 50 438  мың теңге;

          2) шығындар – 53 112 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

         бюджеттік кредиттер - 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

          5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;

          6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 0;

қарыздар түсімі - 0;

қарыздарды өтеу - 0;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 0.

  1. 2024 жылға аудандық бюджеттен Ортақшыл ауылдық округ бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 50 313 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

                          Шиелі аудандық

                       мәслихат төрағасы                                А.Жандарбеков

 

 

 

Дата публикации
29 декабря 2023