Қоғалы ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы

Қоғалы  ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға

арналған бюджеті туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің  75-бабының  2-тармағына, «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан  Республикасы Заңының 6-бабының 2-7 тармағына сәйкес Шиелі аудандық
мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоғалы ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

 1) кірістер – 65 545 мың теңге, оның ішінде:

  салықтық түсімдер – 1 305 мың теңге;

  трансферттер түсімі – 64 240 мың теңге;

  2) шығындар – 65 545 мың теңге;

  3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

  бюджеттік кредиттер - 0;

  бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

  4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

  қаржы активтерін сатып алу - 0;

  мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

  5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;

  6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 0;

  қарыздар түсімі - 0;

  қарыздарды өтеу - 0;

  бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 0;

  1. 2024 жылға аудандық бюджеттен Қоғалы ауылдық округі бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 64 068 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

                     Шиелі аудандық

                  мәслихат  төрағасы                              А.Жандарбеков

 

Дата публикации
29 декабря 2023