Қарғалы ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы

Қарғалы ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған

бюджеті туралы

 

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7 тармақтарына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қарғалы ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 54 363 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 568 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 52 795 мың теңге;

2) шығындар – 54 363 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

бюджеттік кредиттер - 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 0;

қарыздар түсімі - 0;

қарыздарды өтеу - 0;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0.

  1. 2024 жылға аудандық бюджеттен Қарғалы ауылдық округ бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 52 617 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

                  Шиелі аудандық

      мәслихат төрағасы                                    А.Жандарбеков

 

Дата публикации
29 декабря 2023