Жиделіарық ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы

Жиделіарық ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған

бюджеті туралы

 

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7 тармағына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жиделіарық ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 72 317 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 849 мың теңге;

         трансферттер түсімдері – 71 468 мың теңге;

         2) шығындар – 72 317 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу -  0;

         бюджеттік кредиттер - 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

         4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 0;

         қарыздар түсімі - 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 0.

  1. 2024 жылға аудандық бюджеттен Жиделіарық ауылдық округінің бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 71 290 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

               Шиелі аудандық

             мәслихат төрағасы                              А.Жандарбеков

Дата публикации
29 декабря 2023