Еңбекші ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы

Еңбекші ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған

бюджеті туралы

 

  «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7 тармағына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Еңбекші ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 71 297 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 3 370 мың теңге;

         трансферттер түсімдері – 67 927 мың теңге;

         2) шығындар – 71 297 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

         бюджеттік кредиттер - 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

         4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) -  0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 0;

         қарыздар түсімі - 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

          бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 0.

  1. 2024 жылға аудандық бюджеттен Еңбекші ауылдық округ бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 67 927 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

                    Шиелі аудандық

                  мәслихат  төрағасы                              А.Жандарбеков

 

Дата публикации
29 декабря 2023