Бәйгеқұм ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы

Бәйгеқұм ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған

бюджеті туралы

 

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің  75-бабының  2-тармағына, «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан  Республикасы Заңының 6-бабының 2-7 тармағына сәйкес Шиелі аудандық
мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Бәйгеқұм ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 94 947 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 3 944 мың теңге;

          трансферттер түсімі – 91 003 мың теңге;

         2) шығындар –  94 947 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу -  0;

         бюджеттік кредиттер - 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 0;

         қарыздар түсімі - 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 0.

  1. 2024 жылға аудандық бюджеттен Бәйгеқұм ауылдық округ бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 90 805 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

                    

                   Шиелі аудандық

                  мәслихат  төрағасы                              А.Жандарбеков

 

Дата публикации
29 декабря 2023