Бестам ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы

 Бестам  ауылдық  округінің 2024-2026  жылдарға  

арналған  бюджеті туралы

 

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабының 2-тармағына,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Бестам ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 67 555 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 3031 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 64 524 мың теңге;

2) шығындар – 67 555 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу -  0;

бюджеттік кредиттер - 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 0;

қарыздар түсімі - 0;

қарыздарды өтеу - 0;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 0.

  1. 2024 жылға аудандық бюджеттен Бестам ауылдық округ бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 64 282 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

                   Шиелі аудандық

                  мәслихат  төрағасы                              А.Жандарбеков

 

Дата публикации
29 декабря 2023