Шиелі ауданындағы жаңадан ашылған көшелерге атау беру туралы

Аудандық мәслихаттың 2023 жылдың 14 қарашасындағы тұрақты комиссияларының біріккен  отырысында төмендегі мәселелр қаралып, талқыланып қолдау тауып аудандық мәслихаттың кезектен тыс 7 сессиясына ұсынылды.

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бәйтерек ауылдық округі, Бидайкөл ауылындағы жаңадан ашылған көшелерге Ұлы Отан соғысының және Еңбек ардагерлері Үсембаев Сейіт, Қоянбаев Ниязбек, Сейтенов Іргебайдың және Бидайкөл ауылына еңбегі сіңген Еңбек ардагерлері Асанов Ағыбай, Бекентаев Әбсаттардың есімдерін беру туралы.

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылдық округі, Бұланбай бауы ауылының «Құрылыс» көшесіне Ұлы Отан Соғысының ардагері Жорабеков Ханидың есімін беру туралы.

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қоғалы ауылдық округі, Тұрсынбай датқа ауылының «Бейбітшілік» көшесін Ұлы Отан Соғысының ардагері Досжанов Бекіштің есімімен қайта атау туралы.

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қоғалы ауылдық округі, Тұрсынбай датқа ауылының «Жеңіс» көшесін Ұлы Отан Соғысының ардагері Оралбаев Қалмағанбеттің есімімен қайта атау туралы.

Кезектен тыс сессияда аталған ұсыныстар депутаттар тарапынан қолдау тауып, Шиелі ауданы әкімімен Шиелі аудандық мәслихаттың шешімі шықты.

Дата публикации
27 ноября 2023