«Шиелі ауданындағы №№267-303, 363, 364, 365 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау қорытындылары жайлы» аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 9 қаңтардағы №35/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі ұсынған Сәдуақасов Махан Дарханұлы №279 «Жансейіт», Әбілдаева Лира Тұрғанбайқызы №288 «Көкшоқы», Байдүйсенов Тайыр Жомартұлы №297 «Еңбекші», учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері болып, "Шиелі аудандық ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігі ұсынған Майлыбаев Құрманбай №298 «Н.Бекежанов» учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып және "Қазақстан жастары ” жастар қоғамдық бірлестігі ұсынған Нұрланұлы Мереке №292 «Жайлыбаев» учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып сайлансын.
Аудандық мәслихат
төрағасы А.Жандарбеков