«Шиелі ауданының елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы» бірлескен Шиелі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 304 қаулысына және Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 қарашадағы № 31/17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

«Шиелі ауданының елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы» бірлескен Шиелі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 304 қаулысына және Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы
14 қарашадағы № 31/17 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы

 

 

Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Шиелі ауданының елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы» бірлескен Шиелі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 304 қаулысына және Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 қарашадағы
    № 31/17 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6540 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Осы бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасына сәйкес Шиелі ауданының Тұран ауылдық округі Шеген Қодаманов ауылының, Керделі ауылдық округі Нартай Бекежанов ауылының, Иіркөл ауылдық округі Ыбырай Жахаев ауылының, Бәйгеқұм ауылдық округі Бәйгеқұм ауылының, Жуантөбе ауылдық округі Алғабас  ауылының, Бәйтерек ауылдық округі Бидайкөл ауылының шекаралары (шектері) өзгертілсін.»;

көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасы осы бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

Шиелі ауданының әкімі

 

Н. Ахатов

 

Шиелі аудандық мәслихат төрағасы

 

А. Жандарбеков

 

 

Дата публикации
12 мая 2023