Майлытоғай ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы

Майлытоғай ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған

 бюджеті туралы

 

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 75-бабының 2-тармағына,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының  2-7-тармағына  сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Майлытоғай ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 88 412 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 041 мың теңге;

трансферттер түсімі – 87 371 мың теңге;

2) шығындар – 88 412 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

бюджеттік кредиттер - 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 0;

қарыздар түсімі - 0;

қарыздарды өтеу - 0;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0.

  1. 2023 жылға аудандық бюджеттен Майлытоғай ауылдық округ бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 87 371 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

      Шиелі аудандық

мәслихатының  хатшысы                                       Т. Жағыпбаров

 

Дата публикации
26 декабря 2022