Иіркөл ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы

Иіркөл  ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған

 бюджеті туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Иіркөл ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 271 841 мың теңге, оның ішінде:

  салықтық түсімдер – 4 958 мың теңге;

  трансферттер түсімі – 266 883 мың теңге;

  2) шығындар – 271 841 мың теңге;

  3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

  бюджеттік кредиттер - 0;

  бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

  4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

  қаржы активтерін сатып алу - 0;

  мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

  5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;

  6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 0;

  қарыздар түсімі - 0;

  қарыздарды өтеу - 0;

  бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 0;

  1. 2023 жылға аудандық бюджеттен Иіркөл ауылдық округ бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 93 576 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

        Шиелі аудандық

   мәслихатының хатшысы                     Т.Жағыпбаров

Дата публикации
26 декабря 2022