Еңбекші ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы

Еңбекші ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға

 арналған бюджеті туралы

 

  «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Еңбекші ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 57 023 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер - 2 530 мың теңге;

         трансферттер түсімі – 54 493 мың теңге;

         2) шығындар – 57 023 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;

         бюджеттік кредиттер - 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) -  0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 0;

         қарыздар түсімі - 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

          бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 0.

  1. 2023 жылға аудандық бюджеттен Еңбекші ауылдық округ бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 54 493 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

         Шиелі аудандық

мәслихатының  хатшысы                                       Т. Жағыпбаров

Дата публикации
26 декабря 2022