Бәйгеқұм ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы

Бәйгеқұм ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған

бюджеті туралы

 

 «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Бәйгеқұм ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 128 201 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 2 894 мың теңге;

          трансферттер түсімі – 125 307 мың теңге;

         2) шығындар – 128 201 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу -  0;

         бюджеттік кредиттер - 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 0;

         қарыздар түсімі - 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 0.

  1. 2023 жылға аудандық бюджеттен Бәйгеқұм ауылдық округ бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 70 692 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       

         Шиелі аудандық

мәслихатының  хатшысы                                       Т. Жағыпбаров

Дата публикации
26 декабря 2022