Керделі ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы

Керделі ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған

бюджеті туралы

 

 «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабының     2-тармағына,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы    Заңының 6-бабының 2-7 тармағына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Керделі ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 69 520 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 3 868 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 65 652  мың теңге;

2) шығындар – 69 520 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу -  0;

бюджеттік кредиттер - 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;

қаржы активтерін сатып алу - 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 0;

қарыздар түсімі - 0;

қарыздарды өтеу - 0;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 0.

  1. 2023 жылға аудандық бюджеттен Керделі ауылдық округ  бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 65 652 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

 

 

Шиелі аудандық

мәслихатының  хатшысы                                              Т. Жағыпбаров

Дата публикации
26 декабря 2022