2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

 

 

          «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 9 902 157 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 3 875 864 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 140 890 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 34 635 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 5 850 768 мың теңге;

2) шығындар – 9 902 157 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 215 390 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 414 000 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу –198610 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -215 390 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 215 390 мың теңге;

қарыздар түсімі – 414 000 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 198 610 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0.

  1. 2023 жылға аудандық бюджеттен облыстық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері төмендегідей көлемде белгіленгені ескерілсін:

1) 101.201 «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша және 101.205 «Төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша аудандық бюджетке 50 пайыз, облыстық бюджетке 50 пайыз;

2) 103.101 «Әлеуметтік салық» коды бойынша аудандық бюджетке         50 пайыз, облыстық бюджетке 50 пайыз.

  1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджетте, аудандық бюджеттен кенттер, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар төмендегі көлемдер бойынша көзделсін, оның ішінде:

2023 жылға:

Шиелі кенті әкімі аппараты – 625389 мың теңге;

Ақмая ауылдық округі –58145 мың теңге;

Алмалы ауылдық округі –57 674 мың теңге;

Ақтоған ауылдық округі –62 054 мың теңге;

Бәйгеқұм ауылдық округі –70 692 мың теңге;

Бестам ауылдық округі –61390 мың теңге;

Бәйтерек ауылдық округі –102 741 мың теңге;

Еңбекші ауылдық округі –54493 мың теңге;

Жуантөбе ауылдық округі –90 954 мың теңге;

Жөлек ауылдық округі –60 485 мың теңге;

Жиделіарық ауылдық округі – 55996 мың теңге;

Жаңатұрмыс ауылдық округі –49 256  мың теңге;

Иіркөл ауылдық округі –93576 мың теңге;

Керделі ауылдық округі –65 652 мың теңге;

Қарғалы ауылдық округі –49 200 мың теңге;

Қоғалы ауылдық округі –46 032 мың теңге;

Майлытоғай ауылдық округі –87 371 мың теңге;

Ортақшыл ауылдық округі –48 525 мың теңге;

Сұлутөбе ауылдық округі –101519 мың теңге;

          Тартоғай ауылдық округі –62 482 мың теңге;

Талаптан ауылдық округі  - 79 728 мың теңге;

Телікөл ауылдық округі –54599 мың теңге.

          Тұран ауылдық округі –96 387 мың теңге;

Барлығы 2 134 340 мың теңге.

2024 жылға:

Шиелі кенті әкімі аппараты – 443506 мың теңге;

Ақмая ауылдық округі –61 052 мың теңге;

Алмалы ауылдық округі –60 558 мың теңге;

Ақтоған ауылдық округі -65 157 мың теңге;

Байгеқұм ауылдық округі –74 227 мың теңге;

Бестам ауылдық округі –64460 мың теңге;

Бәйтерек ауылдық округі –107 878 мың теңге;

Еңбекші ауылдық округі -57 218 мың теңге;

Жуантөбе ауылдық округі -95 502 мың теңге;

Жөлек ауылдық округі – 63 509 мың теңге;

Жиделіарық ауылдық округі –58 796 мың теңге;

Жаңатұрмыс ауылдық округі –51 719  мың теңге;

Иіркөл ауылдық округі –98 255 мың теңге;

Керделі ауылдық округі –68 935 мың теңге;

Қарғалы ауылдық округі –51 660 мың теңге;

Қоғалы ауылдық округі –48 334 мың теңге;

Майлытоғай ауылдық округі –91740 мың теңге;

Ортақшыл ауылдық округі –50 951 мың теңге;

Сұлутөбе ауылдық округі –106 595мың теңге;

Тартоғай ауылдық округі –65 606 мың теңге;

Талаптан ауылдық округі –83 714 мың теңге;

Телікөл ауылдық округі –57329 мың теңге.

          Тұран ауылдық округі –101206 мың теңге;

Барлығы 2 027907 мың теңге.

2025 жылға:

Шиелі кенті әкімі аппараты –461 248 мың теңге;

Ақмая ауылдық округі –63 494 мың теңге;

Алмалы ауылдық округі –62 980 мың теңге;

Ақтоған ауылдық округі –67 763 мың теңге;

Байгеқұм ауылдық округі –77 196 мың теңге;

Бестам ауылдық округі –67038 мың теңге;

Бәйтерек ауылдық округі –112 193 мың теңге;

Еңбекші ауылдық округі – 59 506 мың теңге;

Жуантөбе ауылдық округі –99 322 мың теңге;

Жөлек ауылдық округі –66 050 мың теңге;

Жиделіарық ауылдық округі –61148 мың теңге;

Жаңатұрмыс ауылдық округі – 53 788  мың теңге;

Иіркөл ауылдық округі –102 185 мың теңге;

Керделі ауылдық округі –71 692 мың теңге;

Қарғалы ауылдық округі – 53 726 мың теңге;

Қоғалы ауылдық округі – 50 267 мың теңге;

Майлытоғай ауылдық округі – 95409 мың теңге;

Ортақшыл ауылдық округі – 52 989 мың теңге;

Сұлутөбе ауылдық округі –110 859 мың теңге;

         Тартоғай ауылдық округі –68 230 мың теңге;

Талаптан ауылдық округі –87 063 мың теңге;

Телікөл ауылдық округі – 59 622 мың теңге.

          Тұран ауылдық округі –105255 мың теңге;

Барлығы 2 109 023 мың теңге.

  1. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2023 жылға арналған резерві 9 076 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

        Шиелі аудандық

мәслихатының  хатшысы                                     Т. Жағыпбаров

Дата публикации
21 декабря 2022