Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Майлытоғай ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» №18/22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Майлытоғай ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 50 718,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 1 070,7 мың теңге;
трансферттер түсімі - 49 648,0 мың теңге;
2) шығындар - 52 467,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -1 749,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 1 749,0 мың теңге;
қарыздар түсімі - 0;
қарыздарды өтеу - 0;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 1 749,0 мың теңге.».
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Шиелі аудандық
мәслихатының хатшысы Т. Жағыпбаров